Skip to content

“🎓 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР! 🎓 “Ақжігіт жалпы білім беретін…

"🎓 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР! 🎓

"Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі 2025–2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау 🔔 және қорытынды аттестаттау кезеңіне байланысты маңызды ескертулерді хабарлайды:

🚫 Мұғалімдерге сыйлық беруге, ақша жинауға қатаң тыйым салынады
🚫 Аниматорлар, студиялар, агенттіктер шақыруға рұқсат жоқ
🚫 Мектепке қажетті заттарға ақша жинауға тыйым салынады
🚫 Автокөлік шеруі 🚗, ойын-сауық орындарына бару 🎉 рұқсат етілмейді
🚫 Дастархан жайып, қаражат жинау ❌
🚫 Табиғат аясына саяхатқа шығуға тиым салынады.
👔 Оқушыларға: мектеп формасын сақтау, тәртіпті әрі жауапты болу – міндет!

📌 Бұл талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен ата-аналарға бірдей қатысты.
📌 Негізгі мақсат – қауіпсіздік 🛡️, әділдік және тәртіп!

💬 Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз.

✨ Біз үшін ең бастысы – сапалы білім мен саналы тәрбие!

Leave a Reply