Skip to content

🌿«Жасыл апта» челленджі аясында мектебімізде сенбілік жұмыстары өткізілді. 🌿Аталған іс-шараға…

🌿«Жасыл апта» челленджі аясында мектебімізде сенбілік жұмыстары өткізілді.
🌿Аталған іс-шараға мектеп оқушылары мен қызметкерлері белсене қатысып, қоршаған ортаны тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында мектеп ауласы қоқыстан тазартылып, жасыл желектер күтімге алынып, айнала ретке келтірілді.
🌿Іс-шараның мақсаты – оқушыларды еңбекке баулу, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
🍃Мұндай шаралар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениеті артып, туған жерге деген сүйіспеншілігі нығая түсуде.

Leave a Reply