🔰20 сәуір күні сынып жетекшілік сағаты жоспарға сәйкес өткізілді. Апта дәйексөзі ретінде “Білікті білім жинап кәсіп етер, білімнің дәмін татып өсіп өнер” нақылы негізге алынып, оқушыларға білімнің адам өміріндегі маңызы түсіндірілді. Білім арқылы әрбір адам өз болашағын қалыптастырып, қоғамда өз орнын таба алатыны айтылды.
🔰Сынып сағаты барысында “Жасөспірімдер арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу” тақырыбы кеңінен қарастырылды. Оқушыларға буллингтің түрлері, оның зияны мен салдары түсіндіріліп, мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары талқыланды. Оқушылар бір-біріне құрметпен қарап, қиын жағдайда достарына қолдау көрсету керектігі жөнінде пікір алмасты.
📞Қауіпсіздік сағатында “Жедел қызмет телефон нөмірлері” тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға 101, 102, 103, 112 секілді жедел қызмет нөмірлері таныстырылып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары айтылды.
📌Іс-шараның мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу арқылы қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдай алатын жауапты тұлға тәрбиелеу.
#сыныпсағаты







