📌«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» құндылығы аясында білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ата-аналармен ашық диалог орнату мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.
📌Іс-шара барысында ата-аналарға оқу-тәрбие үдерісіне қатысты маңызды ақпараттар ұсынылып, заң талаптары мен оқушылардың құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мектеп әкімшілігі мен педагогтер тарапынан нақты жауаптар берілді.
📌Кездесу барысында ата-аналардың белсенділігін арттыру мақсатында психологиялық тапсырмалар ұйымдастырылып, түрлі тренинг элементтері жүргізілді. Бұл жұмыстар ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, тиімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етті.
📌Аталған шара ата-аналар мен педагогтер арасында ашық пікір алмасуға мүмкіндік беріп, бірлескен жұмыстың маңыздылығын көрсетті.
#ашықесік
