Skip to content

📚✨ 25 мамыр күні “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де…

📚✨ 25 мамыр күні “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де «Заң және тәртіп – Конституция құндылықтар негізі» атты мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті. 🇰🇿🎓
Жиын барысында мектеп директоры оқу жылының қорытындысын шығарып, жас түлектерге ақ жол тілеп, жүрекжарды құттықтау сөзін арнады. 🌟 Сонымен қатар, құрметті қонақтар – «Ақжігіт» ауылы әкімінің бас маманы Сисенбаев Оңайбай және Бейнеу ауданы бойынша Білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Аралова Ақерке Нұрымқызы ізгі тілектерін білдіріп, бірқатар ұстаздарға алғыс хаттар табыстады. 👏🏅
Шараның ерекше әсерлі сәттерінің бірі – мектебіміздің үздік оқушыларының «Үздіктер шеруі» болды. 🌟 Шеруді мектебіміздің тәжірибелі ұстазы Г. Сапарова бастап шықты.
Сондай-ақ, мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлектер, 10 жылдық түлектер мен ата-аналар ақжарма тілектерін арнап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. 💐❤️
Кештің ерекше әрі әсерлі сәттерінің бірі – жас түлектерге 1-сынып оқушыларының жүрекжарды арнауын жолдауы болды. 👧👦💖 Кішкентай бүлдіршіндер ақ тілектерін айтып, болашаққа сәттілік тіледі. Өз кезегінде мектеп бітіруші түлектер де бүлдіршіндерге сый-сияпат жасап, ерекше ықыластарын танытты. 🎁✨
Кештің ең әсерлі бөлігінде 12-сынып оқушылары мектеп вальсін билеп, ұстаздарына, мектебіне деген ыстық ықыластары мен алғыстарын жеткізді. 🎶💃 Оқушылар мектеп пен ұстаздарға арналған әндерін шырқап, көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады. 🎤✨
Бұл күн – қуаныш пен қимастыққа, сағыныш пен үмітке толы ерекше күн болды. 🥹🎓
Жас түлектерге ақ жол, жарқын болашақ, биік белестер мен үлкен жетістіктер тілейміз! 🚀🌈 Ақ жол, жас түлек!

Leave a Reply