Skip to content

«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 11-сынып бітіруші түлектердің ата-аналарымен…

«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 11-сынып бітіруші түлектердің ата-аналарымен маңызды жиналыс болып өтті. Жиналыстың басты мақсаты — алда келе жатқан «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы барысында және мектеп бітіру кезеңінде балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

🔍 Жиналыста қаралған негізгі мәселелер мен қабылданған шешімдер:

Қауіпсіздік — бірінші орында: 25 мамыр күні салтанатты жиын аяқталған бойда ата-аналар балаларын мектептен өздерімен бірге алып кетеді. Оқушылардың мектептен жалғыз немесе топтасып кетуіне рұқсат берілмейді.

Заңсыз бас қосуларға тыйым салынады: Түлектердің өз бетімен ауыл ішінде, табиғат аясында немесе басқа да жерлерде бақылаусыз «гулянкалар» ұйымдастыруына қатаң тыйым салынады.

Ата-аналардың тікелей жауапкершілігі: Егер ата-аналардың бастамасымен мектептен тыс жерде (дәмхана немесе мейрамханада) қандай да бір кеш (вечер) ұйымдастырылса, әрбір ата-ана сол кешке өз баласымен бірге қатысуға, басынан аяғына дейін қасында болуға және кеш соңында үйіне бірге алып қайтуға міндетті.

📢 Маңызды ескерту: Мектеп әкімшілігі мектеп қабырғасынан тыс жерде өтетін кез келген шараға мектеп ұжымы жауап бермейтінін, баланың өмірі, қауіпсіздігі мен тәртібі үшін барлық құқықтық және моральдық жауапкершілік тек ата-аналарға жүктелетінін жеткізді.

Жиналыс соңында қаулы қабылданып, сынып жетекшісі А. Алланиязова әрбір ата-анадан бала қауіпсіздігіне жауапты екендігі туралы түсіндірме қолхаттар жинақтады.

Балаларымыздың болашағы жарқын, ал алтын ұя мектеппен қоштасу сәті қауіпсіз әрі есте қаларлықтай өтсін! Ата-аналар мен мектеп ұжымының бірлескен жауапкершілігі — балаларымыздың амандығының кепілі.

Leave a Reply