📅 15 мамыр күні “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де мектептің педагог-психологы А. Аскарова әкелермен бірге 👨👧👦 «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында «Әкенің алақаны» ✋ бөлімінде тренинг өткізді.
🎯 Мақсаты: әкенің отбасы мен бала тәрбиесіндегі рөлін айқындау, бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. 💙
🗣️ Тренинг барысында әкелер өз бойындағы жақсы қасиеттері туралы айтып, ой бөлісті. Сонымен қатар әкеге тән қасиеттер ретінде:
✅ қамқорлық
✅ жауапкершілік
✅ мейірімділік
✅ сабырлылық
✅ еңбекқорлық
✅ отбасыға деген сүйіспеншілік қасиеттерін атап өтті.
🤝 Шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. ✨ Тренингтің басты мақсаты – отбасы құндылығын нығайтып, әкенің бала өміріндегі маңызды орнын ұғындыру болды. 👨👦💫
