Skip to content

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу…

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді

Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдау науқанын кезең-кезеңмен ұйымдастыру кестесін бекітті.

Құжат қабылдау 2026 жылдың 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Бұл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналар үшін өтініш беру процесін ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

Құжаттарды электрондық үкімет порталында тіркелу арқылы OQU платформасында онлайн түрде, сондай-ақ білім беру ұйымдарына тікелей барып тапсыруға болады.

Өңірлер бойынша қабылдау мерзімдері төмендегідей:

27 мамыр – 31 тамыз:
Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары.

10 маусым – 31 тамыз:
Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары.

18 маусым – 31 тамыз:
Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары.

29 маусым – 31 тамыз:
Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ұлытау облысы.

Leave a Reply