📚13 сәуір күні “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай бастауыш сынып оқушылары арасында «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» тақырыбында «Кітап – менің досым» атты іс-шара өткізілді.
📖Іс-шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарын оқып, мазмұнын баяндап, ертегілерден үзінділер айтып берді. Балалар кітап кейіпкерлері туралы ой бөлісіп, оқу арқылы алған әсерлерін ортаға салды. Бұл шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, көркем әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыруға бағытталды.
📚Мақсаты:
📓оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
📔балалар әдебиеті арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
📒ой-өрісін кеңейтіп, сөйлеу мәдениетін дамыту;
📕ертегілер арқылы шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
📖Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтіп, кітаптың адам өміріндегі маңызы кеңінен насихатталды.
#қроқуағартуминистрлігі
#балаларкітапханасы
#ұлттықкітапкүні
#АдалАзамат
