📌”Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп”КММ-де мектеп инспекторы С. Тайтуров оқушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
📌Кездесу барысында оқушыларға тәртіп сақтау, қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану, ата-ананың немесе заңды өкілдің рұқсатынсыз көшеге және табиғат аясына шықпау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар ұялы телефонды дұрыс пайдалану, бір-біріне бейәдеп сөздер айтпау, өзара сыйластық пен мәдениетті қарым-қатынас сақтау мәселелері кеңінен айтылды.
📌Инспектор жеке бас гигиенасын сақтау, уақытылы шаш алу, мектеп формасын талапқа сай кию тәртібіне де ерекше тоқталды.
📌Аталған түсіндіру жұмыстары оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәртіптілік пен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды.






