Сәуір айында мектепте әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету, олардың тұрмыстық жағдайына қолдау білдіру мақсатында «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер ұжымы, ата-аналар және оқушылар белсене қатысты.
Акция барысында ерікті түрде қаржылай көмек жиналып, жиналған қаражатқа бірінші кезекте қажетті азық-түлік өнімдері сатып алынды. Атап айтқанда, ұн, май, қант, шай, макарон өнімдері және басқа да күнделікті тұтынуға қажетті тағамдар алынды.
Жиналған көмектер арнайы тізім бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға үлестіріліп берілді. Көмек көрсету барысында оқушылардың отбасылық жағдайы ескеріліп, әділдік пен ашықтық сақталды.
Бұл акцияның басты мақсаты – оқушылар арасында мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ қиын жағдайда жүрген отбасыларға нақты көмек көрсету болды. Акция нәтижесінде оқушылар мен ата-аналар арасында бірлік пен ынтымақтастық нығайып, қайырымдылық мәдениеті арта түсті.
Алдағы уақытта да осындай әлеуметтік маңызы бар шараларды жалғастыру жоспарлануда.




