👨👧 “Бір күн әкеммен бірге” айдары аясында оқушылар әкелерінің жұмыс орындарына барып, олардың күнделікті еңбегімен және мамандық ерекшеліктерімен танысты. Шара барысында балалар әкелерінің жұмыс барысын көріп, атқаратын қызметтері туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар әр мамандықтың қоғамдағы маңызы мен жауапкершілігін түсінді.
Бұл іс-шараның мақсаты – бала мен әке арасындағы қарым-қатынасты нығайту, әке еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу және оқушылардың мамандықтар туралы танымын кеңейту. Балалар үшін бұл ерекше әсер сыйлаған, қызықты әрі тәрбиелік мәні зор кездесу болды. 👏✨
#әкелеронкүндігі
