Ата-аналар назарына!
Маңғыстау облысы білім басқармасының, Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп" КММ-сі әкімшілігі 2025-2026 оқу жылындағы соңғы қонырау, қорытынды
аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4,9-сынып бітірушілерге катысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
🔸 Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша
жинауға қатаң тыйым салынады.
🔸 Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру.
🔸 Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан
ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
🔸 Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға,
дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.
🔸 Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға
тыйым салынады.
🔸 Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап,
тәртіпті, жауапкершілікті болу – әрбір окушы үшін міндет.
Ескерту:
Аталған талаптар 4,9 – сынып оқушылары мен ата-аналарына
бірдей дәрежеде қатысты.
Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,
педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.

