🌿"Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп" КММ-де «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында 29 сәуір күні ұйымдастырылған «Түлектердің ағаш егуі» акциясының негізгі мақсаты – мектеп ауласын абаттандыру, жасыл желектер санын арттыру және оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
🌿Аталған шара арқылы түлектер табиғатты қорғауға өз үлестерін қосып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті сезінеді. Сонымен қатар, бұл акция оқушыларды еңбекке баулып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған. Ағаш отырғызу арқылы мектеп аумағы көркейіп, болашақ ұрпаққа таза әрі жасыл орта қалыптастыру көзделеді.
#таза_қазақстан




