Skip to content

🌸 “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 15 мамыр күні…

🌸 “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 15 мамыр күні «Мектеп–Ата-ана–Бала» бірлескен тәрбие алаңы аясында, Әкелер онкүндігіне орай «Берекелі отбасы – табысты бала» тақырыбында мектеп әкелерімен тағылымы мол кездесу ұйымдастырылды. 👨‍👧‍👦✨
🎯 Іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру және ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту болды.
👨‍🏫 Кездесу басында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, әкелерге алғысын білдіріп, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапты міндеттеріне сәттілік тіледі.
🎥 Кештің ерекше әсерлі сәттерінің бірі – алдын ала дайындалған «Әкеммен өткізген бір сәт» атты бейнероликтің көрсетілімі болды. Бейнеролик әкелерге ерекше әсер сыйлап, жылы естеліктерге толы сезім сыйлады. ❤️
💌 Сонымен қатар оқушылардың әкелеріне алдын ала жазған жүрекжарды хаттары таратылып, оқылды. Балалардың шынайы сезімдері мен ақ тілектері көпшіліктің көңілін толқытып, ерекше әсер қалдырды.
📌 Кездесу барысында бірнеше қызықты әрі тәрбиелік бөлімдер өткізілді:
❓ «Мен баламды қаншалықты танимын?» бөлімінде әкелерге түрлі сұрақтар қойылып, олардың ой-пікірлері тыңдалды.
💞 Әкелер мен балаларға арналған бөлімде балалар әкелерінің бойындағы 3 жақсы қасиетін атап өтті. Осы сәтте әке мен бала арасындағы шынайы махаббат пен ыстық сезім анық байқалды. Кейбір балалар эмоциясын жасыра алмай, әкесін көріп көздеріне жас алды. 🥹❤️
🎤 Оқушылар әкелеріне арнап жүрекжарды өлең шумақтарын оқып,
🎵 ән айтып,
💃 би билеп,
🎼 күй орындап, шағын концерттік кеш ұйымдастырды.
🌳 Іс-шара соңында «Тілек ағашы» бөлімі ұйымдастырылып, әкелер мектепке, ұстаздарға және балаларына арнап ақ тілектері мен жылы лебіздерін жазып, кері байланыс жасады.

🏆 Мектеп әкімшілігі тарапынан әкелер түрлі номинациялармен марапатталды:
✨ «Белсенді әке»
✨ «Қамқор әке»
✨ «Шығармашыл әке»
✨ «Өнегелі әке» және тағы басқа марапаттар табысталды.
🙏 Осындай тәрбиелік мәні зор кездесуге қатысып, белсенділік танытқан барша әкелерге шынайы алғысымызды білдіреміз!
💐 Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
🌟 Ұрпақ тәрбиесіне қосып жүрген үлестеріңіз арта берсін!
#әкелеронкүндігі

Leave a Reply