Skip to content

📖 20.04 күні “Ұлттық кітап күніне” орай мектептің өзін-өзі басқару…

📖 20.04 күні “Ұлттық кітап күніне” орай мектептің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен ерекше мазмұндағы танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында қазақтың ақын-жазушыларының кітаптары арнайы суреттер арқылы жасырынып, оқушылар мен ұстаздарға ұсынылды. Қатысушылар берілген суреттерге қарап, кітапты тауып, оның авторын анықтауға тырысты. Бұл ойын элементтері арқылы ұйымдастырылған шара көпшіліктің қызығушылығын арттырып, белсенділікке жетеледі.
📚Мақсаты:
Оқушылар мен ұстаздардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетінің көрнекті ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау, ойлау қабілетін дамыту және тапқырлыққа баулу. Сонымен қатар, қатысушылардың әдеби білімін кеңейтіп, шығармашылық ізденістерін қолдау болып табылады.
#ұлттық_кітап_күні_2026

Leave a Reply