Skip to content

Бейнеу ауданы Полиция бөлімінде жеке құрамның қатысуымен кешкі саптық жиын…

Бейнеу ауданы Полиция бөлімінде жеке құрамның қатысуымен кешкі саптық жиын өткізілді. Аталған жиынға Бейнеу ауданы прокуратурасының өкілдері, білім бөлімі қызметкерлері, арнайы жасақ (СОБР) қызметкерлері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары (ТЖО) қатысты.

Жиын барысында полиция қызметкерлерінің қызметтік тәртібі, сыртқы келбеті, жеке құжаттарының толықтығы, арнайы құралдары мен жарақтарының дайындығы жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар, қызметкерлерге құқықтық талаптарды сақтау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүретін кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлармен бірлесіп, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды.

Қазіргі таңда Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің жеке құрамы бөлінген топтар бойынша күшейтілген режимде қызмет атқарып, демалыс күндері қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Қоғамдық орындарда, көшелерде және ойын-сауық мекемелері маңында бақылау күшейтілген.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Leave a Reply