Skip to content

⚡️Мектебіміздің арнайы маманы, дефектолог Бишеханова Арайлым өз жұмысын жүйелі түрде…

⚡️Мектебіміздің арнайы маманы, дефектолог Бишеханова Арайлым өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда.
✨Маман оқушылармен сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзетуге бағытталған әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануда. Сабақ барысында дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, артикуляциялық жаттығулар жасау, тілдік дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
✨Сонымен қатар оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, дұрыс дыбыстау мен анық сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мақсатында арнайы жаттығулар жүйелі түрде жүргізілуде.
⚡️Аталған жұмыстар оқушылардың тіл дамуын жетілдіруге, өз ойын еркін жеткізе білуіне және білім сапасын арттыруға оң ықпал етуде.
#дефектолог

Leave a Reply