Skip to content

📅 8 мамыр күні «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде…

📅 8 мамыр күні «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде 5-сынып оқушыларына арналған «Буллингтен қорған» тақырыбында түсінік сабағы және тренинг өткізілді.
🎯 Мақсаты:
Оқушыларға буллингтің не екенін түсіндіру, оның түрлерін ажырату, өздерін және достарын қорғау жолдарын үйрету, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. 🤝
📚 Сабақ барысында оқушыларға буллинг туралы түсінік беріліп, олардың пікірлері тыңдалды.
🗣️ Оқушылар:
«Буллинг – бұл біреуді әдейі ренжіту, қорлау, мазақ ету» екенін айтты.
📌 Буллингтің түрлері мысалдар арқылы түсіндірілді.
🧩 «Lego» әдісі арқылы оқушылар топтарға бөлінді:
🔹 1-топ – 📱 Телефонның зияны мен пайдасы
🔹 2-топ – 🚫 Буллинг туралы
🔹 3-топ – 🌐 Желідегі қауіпсіздік

👥 Әр топ өз жұмыстарын қорғап, ойларын ортаға салды.
💬 «Жақсы сөз – жанға қуат» жаттығуында әр оқушы көршісіне жақсы сөз айтып, жылы лебіз білдірді.
🌸 Мақсаты – жағымды қарым-қатынас қалыптастыру.
🛡️ Буллингтен қорғану жолдары:
✅ Сенімді адамға айту (мұғалім, ата-ана т.б.)
✅ Жауап бермей, тыныш кетіп қалу
✅ Достарымен бірге жүру
✅ Өз-өзіне сенімді болу
📝 Қорытынды бөлімде «Бүгін не үйрендік?» деген сұраққа оқушылар жауап беріп, топтық жұмыстарын таныстырды.
💖 Оқушылар:
«Біз бір-бірімізді ренжітпей, қолдап жүруіміз керек!» деген ой түйді.

Leave a Reply