29-сәуір күні Қожа Ахмет Яссауи мұрасын таныту арқылы оқушылардың рухани – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында тарих пәні мұғалімі Қ.Азизаева 8 –сынып оқушыларына Қожа Ахмет Яссауидің өмірбаяны мен шығармашылықтары туралы бейнеролик көрсетілді.
Мектеп кітапханасында 29 – сәуір тарихымызда орны айрықша ұлы тұлға, ақын, поэзияның сопылық негізін салушы Қожа Ахмет Яссауидің шығармашылығын насихаттау бағытында “Яссауидің рухани мұрасы” тақырыбында кітап көрмесі таныстырылып өтті.
«Қожа Ахмет Яссауи мұрасындағы құндылықтар» тақырыбында 8-11 сыныптар оқушыларынан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Сапарова мен К.Таушанова диктант алынды.
Мақсаты: Қожа Ахмет Яссауи мұрасын таныту арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Сонымен қатар, сауатты жазуға, ойды дұрыс жеткізуге және мәтін мазмұнын түсінуге дағдыландыру. Оқушыларды адалдыққа, мейірімділікке, сабырлылыққа тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың рухани білімін арттыруға, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын дамытуға өз үлесін қосты.













