🔰27 сәуір күні мектебімізде “Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы” аясында аптаның дәйексөзі жарияланып, тәрбие жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылды. Апта бойы 1–11 сыныптар арасында “Біз әртүрліміз – бір теңбіз” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
🔰Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушыларға адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, әр адамның ерекшелігін құрметтеуге тәрбиелеу, ұлтқа, тілге, дінге қарамастан тең құқық пен өзара сыйластық қағидаларын қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушылардың толеранттылық қасиеттерін дамыту, бірлік пен ынтымақтастыққа баулу көзделді.
🔰Апта басында дәстүрге сай Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, оқушылардың патриоттық рухын көтеруге ерекше мән берілді. Бұл іс-шаралар жас ұрпақты елін, жерін құрметтеуге, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.










