Skip to content

🔰23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай мектебімізде «Егер мен…

🔰23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай мектебімізде «Егер мен кітапханашы болсам…» атты ерекше айдар ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында оқушылар өздерін кітапханашы рөлінде сезініп, мұғалімдерге түрлі қызықты тапсырмалар ұсынып, кітап әлеміне деген көзқарастарымен бөлісті.
📚Шараның басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапхананың маңызын түсіндіру және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту болды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, «егер мен кітапханашы болсам…» деген тақырыпта кітаптарды қалай жүйелер еді, қандай жаңа жобалар енгізер еді деген ұсыныстарын ортаға салды.
📚Іс-шара барысында мұғалімдер де белсенділік танытып, оқушылардың бастамаларын қолдап, өз пікірлерін білдірді. Еркін форматта өткен бұл айдар қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, кітаптың адам өміріндегі орнының маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
🔰Осындай мазмұнды шаралар арқылы мектепте кітап оқуға деген қызығушылық артып, оқушылардың рухани дамуына оң ықпал етуде.
#Ұлттық_кітап_күні

Leave a Reply