📌15 мамыр күні “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 9-сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен жиналыс болып өтті. Жиналысты мектеп директоры К. Мақсымбай өткізді.
📌Жиналыстың негізгі мақсаты – 25 мамыр күні оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін іс-шаралар кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау мәселелерін түсіндіру болды.
📌Жиналыс соңында ата-аналарға жеке қауіпсіздік талаптарын толық сақтау – әрбір баланың өмірі мен денсаулығын қорғаудағы маңызды міндет екендігі түсіндірілді.




