🌎☀️1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде 7-сынып оқушылары арасында «Бірлік – ел тірегі» тақырыбында мақал-мәтел айту сайысы өткізілді.
💥🌍Іс-шараның мақсаты – оқушыларға бірлік, достық, татулық құндылықтарын дәріптеу, халық даналығы арқылы олардың ой-өрісін кеңейту және сөз мәдениетін дамыту болды.
🌏✨Сайыс барысында оқушылар бірлік, ынтымақ, достық туралы мақал-мәтелдерді мәнерлеп айтып, олардың мағынасын түсіндірді. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
🌎⚡️Нәтижесінде, оқушылар халық даналығының терең мағынасын түсініп, бірлік пен татулықтың қоғамдағы маңызын сезіне білді. Іс-шара тартымды өтіп, оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
