🌞1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – елдегі достық пен татулықты дәріптейтін маңызды мереке. Бұл күні әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатқанын көрсетіп, бірлік пен ынтымақтың маңызын насихаттайды.
🌞Мектебімізде мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар қазақ, түрік, өзбек халықтарының ұлттық билерін билеп, әр ұлттың өнері мен мәдениетін таныстырды. Сонымен қатар, бірлікке арналған мақал-мәтелдер айтып, өлеңдер оқыды.
🌞Іс-шара барысында оқушылар достық, татулық және өзара құрметтің маңызын көрсете білді. 1 мамыр – тек мереке емес, ол – халықтар арасындағы бірлік пен ынтымақтың символы.
