🌱“Таза Қазақстан” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 26.03 күні мектебімізде қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және экологиялық сананы арттыру бағытында сенбілік ұйымдастырылды.
🌱Аталған іс-шара барысында мектеп ұжымы белсенділік танытып, мектеп ауласы мен айналасын тазарту жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, аумақ қоқыстан тазартылып, ағаш түптері әктеліп, абаттандыру жұмыстары қолға алынды.
🌱Сенбілікке қатысушылар табиғатты аялау – әрбір азаматтың парызы екенін түсініп, ортақ іске өз үлестерін қосты. Осындай игі шаралар еңбекке деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға септігін тигізеді.
✨ Тазалық – табалдырықтан басталады!
#тазақазақстан










