🌿“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында 22 наурыз – Наурыз мейрамы мерекесіне орай мектебімізде ағаш отырғызу акциясы және сенбілік ұйымдастырылды.
🌿Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және оқушыларды еңбекке баулу.
🌿Акция барысында мектеп ауласында ағаш көшеттері отырғызылып, аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді. Оқушылар мен ұстаздар белсенді қатысып, айналаны көркейтуге өз үлестерін қосты.
🌿Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. #ТазаҚазақстан





