🌿 Наурызнама онкүндігі аясында⚜️
«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Жаңару күніне орай мектептің кіші қызметкерлері арасында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
🌿Жаңару күні – игі істердің бастауы!🌿
🌱Іс-шара барысында қызметкерлер мектеп ауласын тазалап, ағаштарды әктеп, тал отырғызу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, аумақты абаттандыруға белсене атсалысып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
🌱Мұндай шаралар еңбекке баулып қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайтып, табиғатқа деген жанашырлықты арттырады.
✨ Табиғатты аялау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз!
