Skip to content

📌Мектебімізде «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.…

📌Мектебімізде «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
📍Мақсаты: оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
📌Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс тамақтану ережелері түсіндіріліп, пайдалы тағамдар туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, түрлі танымдық тапсырмалар, сұрақ-жауап кезеңі ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
📌Шара барысында жеміс-жидектер мен дәрумендердің адам ағзасына пайдасы айтылып, дұрыс тамақтану мәдениетін сақтау қажеттілігі насихатталды.
🔰Қорытындысында оқушылар дұрыс тамақтану – денсаулықтың негізі екенін түсініп, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға бағыт алды.

Leave a Reply