🌿 «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ
🌱 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектебімізде «Түлектердің ағаш егуі» атты экочелленджі «Қамқор» жобасымен ұштастырылып өткізілді.
🌳 Табиғатты аялау – әрбір азаматтың борышы, Жасыл желек – болашаққа қалдырған мол ырыс.
🌿 Шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, Жастарды табиғатты сүюге баулу, туған жерге жанашырлық таныту.
🌱 Түлектер ауылда орналасқан “Жастар саябағына” ағаш көшеттерін отырғызып,
Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін іс жүзінде дәлелдеді.
🌳 Әр егілген ағаш – болашаққа жасалған аманат, Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ жауапкершілік.
✨ «Қамқор» жобасы аясындағы бұл игі іс –
жастардың табиғатқа деген жанашырлығының жарқын көрінісі.
🌿 Табиғатты қорғайық – болашақты ойлайық! 🌍
