Skip to content

📂“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де кәсіптік бағдар беру жұмыстары…

📂“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің маманы Асанов Нұрдәулет Бауржанұлы 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
📂Кездесудің мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, техникалық және кәсіптік білім алудың маңыздылығын түсіндіру және колледжге түсу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру.
📂Іс-шара барысында маман колледждегі білім беру бағыттары, сұранысқа ие мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, мемлекеттік білім гранттары негізінде оқуға түсу мүмкіндіктері, қабылдау талаптары, құжат тапсыру тәртібі және оқу мерзімі туралы түсіндірілді.
📂Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Кездесу оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, дұрыс таңдау жасауына ықпал етті.

Leave a Reply