“Әбіш оқулары” республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының аудандық кезеңінде “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің «Шабыт» тобы зор жетістікке жетті 🎉
Дарынды оқушылардан құралған топ «Сахналық қойылым» бағыты бойынша өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді 🌟
Нәтижесінде «Шабыт» тобы жүлделі 🥇 І орынмен марапатталып, мектеп абыройын асқақтатты 🎭✨
Жетістікке жеткен талантты оқушыларға бағыт-бағдар беріп, шығармашылыққа баулыған жетекшісі — Күзенбаева Н. 👏
Бұл жеңіс – қажырлы еңбек пен шығармашылық ізденістің жемісі! 💫
Алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз! 🚀
#әбіш_оқулары


