Skip to content

🌞 03.06.2026 ж. «Жауқазын» жазғы сауықтыру лагерінің үшінші күні 🌞…

🌞 03.06.2026 ж. «Жауқазын» жазғы сауықтыру лагерінің үшінші күні 🌞

🏃‍♂️ Таңғы уақыт дәстүрлі сергіту жаттығуымен басталды. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен дене шынықтыру жаттығуларын орындап, жаңа күнге сергек әрі шат көңілмен қадам басты. 💪😊
🎤🎶 Жоспарға сәйкес «Музыка бізді біріктіреді» атты іс-шара ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер караокемен ән айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Ән айту барысында балалардың шығармашылық қабілеттері дамып, бір-бірімен достық қарым-қатынастары нығая түсті. 🌟🎵
🤝 Сонымен қатар мектеп психологы А. Асқарова балалармен «Біз біргеміз» атты тимбилдинг өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі топтық тапсырмаларды орындап, өзара қолдау көрсетіп, ынтымақтастық пен ұйымшылдықтың маңызын түсінді. 👏💞
🎨🖌️ Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Г. Қалдәулетова мен психолог А. Асқарова «Жан Лидер» тобына арналған арт-терапия сабағын өткізді. Балалар шығармашылық жұмыстар арқылы өз ойларын еркін жеткізіп, жағымды эмоциялар алды. 🌈✨
🌸 Күн қызықты әрі пайдалы іс-шараларға толы болып, тәрбиеленушілерге көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсер мен ұмытылмас сәттер сыйлады. 😊🎉🏕️

#ЖауқазынЛагері #ЖазғыДемалыс #БізБіргеміз #МузыкаБіздіБіріктіреді #АртТерапия 🎈🌞🌿

Leave a Reply