Skip to content

🏫 «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 🌿 «Жауқазын» жазғы…

🏫 «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 🌿 «Жауқазын» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
👧👦 Лагерьге аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 50 оқушы қамтылып, олардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік жасалды.
🎤 Салтанатты шараны мектеп директоры К. Мақсымбай ашып, балаларды лагерьдің басталуымен құттықтады. Ол өз сөзінде:
✨ «Жазғы демалыс – балалардың күш-қуат жинап, жаңа достар тауып, жарқын естеліктер сыйлайтын ерекше кезеңі. Баршаңызға көтеріңкі көңіл күй, қызықты демалыс және сәттілік тілеймін!» – деп ақжарма тілегін жеткізді.
🌈 Ашылу барысында балаларға қауіпсіздік ережелері таныстырылып, лагерьде өтетін 🎨 шығармашылық жұмыстар, ⚽ спорттық жарыстар, 🎭 мәдени-танымдық іс-шаралар мен 🎲 түрлі қызықты ойындар туралы ақпарат берілді.
🌸 «Жауқазын» лагері – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған игі жоба.
😊 Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі лагерьдің жарқын басталғанын көрсетті.
☀️ Барша демалушы бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй, мықты денсаулық, жаңа достар, қызықты сәттер мен ұмытылмас естеліктер тілейміз! 🎉🎈💐🌟
#Жауқазын
#лагерь
#жазғысауықтыру

Leave a Reply