Skip to content

19 мамыр күні “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-сінде 8-сынып…

19 мамыр күні “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-сінде 8-сынып оқушыларына «Қауіпсіз қоғам» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында қоғамдағы қауіпсіздік ұғымы түсіндіріліп, оқушыларға түрлі қауіп-қатер жағдайларында өзін дұрыс ұстау және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы мәліметтер берілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік туралы түсінігін қалыптастыру, түрлі қауіп-қатер жағдайларында дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту, жауапкершілікке тәрбиелеу, дұрыс шешім қабылдау және өзін-өзі қорғау қабілеттерін жетілдіру.

Шара аясында «Менің ішкі күйім» атты жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты – оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік беру. Оқушылар қолдарының бейнесін салып, сол арқылы өздерінің ішкі көңіл күйін бейнеледі.

Жаттығу барысында әрбір оқушы ата-анасына деген сенімділігін білдіріп, өмірге деген қызығушылықтары мен жағымды көзқарастары байқалды. Іс-шара оқушылардың өз сезімдерін ашық жеткізуіне және эмоционалдық жай-күйін анықтауға ықпал етті. 🌸📚✨

Leave a Reply