📌“Мектеп–Ата-ана–бала” бірлескен тәрбие алаңы аясында
Әкелер онкүндігіне орай “Қауіпсіз интернет және цифрлық мәдениет” тақырыбында мектеп оқушыларының әкелерінің қатысуымен тағылымды видеоролик түсірілді.
📍Шараның мақсаты – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, кибербуллингтің алдын алу және балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Әкелер балаларға әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану, уақытты тиімді жоспарлау, күмәнді сайттардан сақтану және жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қорғау туралы кеңестер берді.
📌Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы ата-ана мен бала арасындағы байланыс нығайып, қауіпсіз интернет мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам жасалды.
