Skip to content

Соңғы 5 жылда Каспий теңізінде 58 адам су кетіп қаза…

Соңғы 5 жылда Каспий теңізінде 58 адам су кетіп қаза болды, оның 8 балалар.

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ:
1. Арнайы жабдықталған жерлерде шомылу керек.
2. Мас күйінде суға түспеңіз. Алкоголь мидың қалыпты жұмысын тежейді.
3. Суда 10-15 минуттан артық болмау керек. Дене гипотермияға ұшыраған кезде құрысулар пайда болуы мүмкін.
4. Кемелерге, яхталарға, қайықтарға және моторлы қайықтарға жақындамаңыз.
5. Белгісіз жерде суға секіру немесе сүңгу қауіпті — сіз басыңызды жерге, тасқа және т.б. соғып, мойын омыртқаларын сындырып, есінен танып қалуыңыз мүмкін.
6. Балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз. Олар сүрініп, құлап, суға тұншығып немесе шұңқырға түсіп кетуі мүмкін.
7. Үрлемелі матрацтар мен үрлемелі ойыншықтарда өте мұқият жүзіңіз. Жел немесе ағын оларды жағадан алысқа апаруы мүмкін.

Leave a Reply