Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-сі
2026 жылдың 12 мамыр күні мектебімізде ата-аналарға арналған “Бақытты отбасы – бақытты ел” тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты:
– Отбасы құндылықтарын нығайту;
– Отбасының қоғамдағы маңыздылығы мен рөлін түсіндіру;
– Бақытты отбасының негізгі құрамдас бөліктерін анықтау.
Тренинг барысы:
Іс-шара барысында алдымен тренингтің мақсаты таныстырылып, қатысушылармен танысу кезеңі ұйымдастырылды. Әрбір ата-ана өз отбасындағы бақыттың мәні туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар қатысушылар арасында топтық жұмыстар жүргізіліп, тақырыпқа сәйкес презентация көрсетілді және практикалық жаттығулар орындалды.
Қорытынды:
Тренинг барысында ата-аналар “Бақытты отбасы – бақытты ел” тақырыбы аясында өз тәжірибелерімен бөлісіп, отбасылық құндылықтарды нығайтудың тиімді жолдарын талқылады. Іс-шара соңында кері байланыс стикерлер арқылы алынды. Қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері алдағы уақытта тренингтердің мазмұнын жетілдіріп, тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
