Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-де қауіпсіз жаз ұйымдастыру мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында “Жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелері” тақырыбында түсіндірме сабақ өтті. ☀️🚸
📌 Мақсаты:
Оқушыларға жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсінік беру, судағы, жолдағы, табиғаттағы қауіпсіздік шараларын үйрету, төтенше жағдайлардың алдын алу және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Сонымен қатар, интернет қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат беру.
📖 Сабақ барысында:
✅ Су қауіпсіздігі ережелері
✅ Өрт қауіпсіздігі
✅ Жолда жүру қауіпсіздігі
✅ Цифрлық қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша кеңестер айтылып, түрлі жағдаяттар талқыланды. 👍





