🇰🇿 06.05.2026 жылы 2-сынып оқушылары арасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай “Жігіт сұлтаны” сайысы өткізілді. 🪖✨
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің батылдығын 💪, ептілігін ⚡, жылдамдығын 🏃♂️ және тапқырлықтарын көрсетті. Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті 🎉👏
🎯 Мақсаты:
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу 🇰🇿, ұйымшылдыққа баулу 🤝, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұл балалардың бойындағы батылдық, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.
📌 Сайыс шарттары:
1️⃣ “Кім мерген?” 🎯
2️⃣ “Кім жылдам?” ⚡
3️⃣ “Кім мықты?” 💪
🏅 Әр кезеңде оқушылар белсенділік танытып, өздерінің қырағылықтары мен ептіліктерін дәлелдеді. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен қатысып 😊, мерекелік шара әсерлі өтті 🎊🇰🇿
