7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 7-сынып жетекшісі Шоқанбаева Г. сынып оқушыларымен «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Отанды сүюге, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу, әскери мамандықтың маңызын түсіндіру және патриоттық сезімдерін арттыру. Сонымен қатар, батырлар ерлігі мен ел қорғаған азаматтардың еңбегін насихаттау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу көзделді.
Іс-шара барысында оқушылар Отан қорғаушылар туралы мәліметтер айтып, патриоттық өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті. Тәрбие сағаты әсерлі өтіп, оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.
