🔺«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ «Мектеп – Ата – ана- бала»: бірлескен тәрбие алаңы тақырыбында әкелермен онкүндік іс – шаралар жоспарына сәйкес 05.05.2026ж «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі тақырыбында әкелермен кездесу өтті.
🔻Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін түсіндіру, баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының әсерін көрсету, ата-аналарды жауапкершілікке, мейірімділікке және саналы тәрбие беруге бағыттау.
🔹«Әр бала – бір әлем, ал ата-ана сол әлемнің бағыттаушысы» деген сөздің мағынасы терең. Әкелер өз балаларының қызығушылықтарымен айтып, бала тәрбиесіндегі маңызды ақпараттармен бөлісті.
🔸Әрбір бала – қайталанбас тұлға. Оның өз ойы, сезімі, арманы, мінезі болады. Бір бала сабырлы болса, екіншісі белсенді, біреуі шығармашыл, ал тағы бірі ойланып әрекет ететін болуы мүмкін.
🔹Осы тұста ата-ананың рөлі ерекше. Ата-ана – баланың өмір жолын көрсететін бағыттаушы. Ол баланың қабілетін байқап, қолдап, дұрыс жолға бағыттап отыруы керек. Баланы күшпен емес, түсіністікпен, мейіріммен тәрбиелеу маңызды. Себебі бала өзін түсінген ортада ғана еркін дамиды.
Қорытындылай келе, әр бала – тұтас бір әлем болса, ата-ана сол әлемнің шамшырағы. Дұрыс бағыт берілген бала болашақта өз орнын табатын, саналы азамат болып қалыптасады.
