📎27.03 күні “Бала қауіпсіздігі” тренингтік бағдарламасы аясында 2–3 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған “Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы” тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабағы өткізілді.
📍Мақсаты: ата-аналардың бала қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігін арттыру, тұрмыста, мектепте және көшеде кездесетін қауіп-қатердің алдын алу жолдарын түсіндіру, бала тәрбиесінде қауіпсіз орта қалыптастыруға бағыт беру.
📎Сабақ барысында ата-аналарға балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау, интернет қауіпсіздігі, жолда жүру ережелері, төтенше жағдайларда әрекет ету дағдылары жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, тренингтік жаттығулар ұйымдастырылып, түрлі жағдаяттар талқыланды.
📎Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты. Сұрақ-жауап арқылы ата-аналардың көкейінде жүрген мәселелерге нақты жауаптар берілді.
📎Іс-шара соңында ата-аналар бала қауіпсіздігі – ең басты құндылықтардың бірі екендігін түсініп, өз балаларына қамқорлық пен бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау
#АПҚО
#ақжігіт_мектебі



