Skip to content

🌿13.04.2026 ж. Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-де сәуір айының…

🌿13.04.2026 ж. Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-де сәуір айының «Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік» айлығы аясында «Болашағы зор мамандықтар жоқ, тек болашағы зор мамандар бар» атты дәйексөзді негізге ала отырып, 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне арналған 1–11 сыныптар арасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде сынып сағаттары өткізілді. Барлық сынып сағаттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, оқушылардың патриоттық рухы мен елге деген құрметі айқын көрініс тапты.
🌿Іс-шара барысында оқушыларға ғарыш саласының маңызы, ғарышты игерудегі адамзат жетістіктері, сондай-ақ қазақстандық ғарышкерлердің ерліктері туралы кеңінен мәлімет берілді. Әсіресе, жас ұрпаққа еңбекқорлықтың, табандылық пен кәсіби шеберліктің кез келген мамандықта табысқа жетудің басты кепілі екені түсіндірілді.
🍃Сынып сағаттарында түрлі форматтағы жұмыстар ұйымдастырылды: танымдық бейнероликтер көрсетілді, сұрақ-жауап ойындары мен пікірталастар өтті, оқушылар өз ойларын ортаға салып, болашақ мамандықтары туралы пікір алмасты.
✅Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды адал еңбекке баулу, кәсіби бағдар беру, сондай-ақ олардың бойында жауапкершілік, отансүйгіштік және ізденімпаздық қасиеттерді қалыптастыру болды. Осындай мазмұнды тәрбие сағаттары арқылы оқушылар өз болашағына саналы көзқараспен қарап, ел дамуына үлес қосатын білікті маман болуға ынталанды.

Leave a Reply