Skip to content

📌2026 жылдың 12 ақпан күні «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп»…

📌2026 жылдың 12 ақпан күні «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де бракеражды комиссия отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес төмендегідей жұмыстар қаралды.
📍1-мәселе бойынша:
«Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры» есебінен оқушыларды бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту жағдайы талқыланды. Қазіргі таңда әлеуметтік санаттағы оқушылар толықтай тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Тамақтану кестесі бекітілген, ас мәзірі талапқа сай жасалған. Оқушылардың қамтылуы тұрақты бақылауда. Құжаттар заң талаптарына сәйкес рәсімделген.
📍2-мәселе бойынша:
Асхананың санитарлық жағдайы мен тағам сапасына тексеру жүргізілді. Тексеру барысында асхана бөлмесінің тазалығы қанағаттанарлық деңгейде екені анықталды. Тағамдардың сапасы, дайындалу технологиясы және сақтау талаптары сақталған. Күнделікті бракераж журналы уақытылы толтырылады. Кемшіліктер анықталған жоқ.
📌Қорытындылай келе, оқушыларды ыстық тамақпен қамту және асханадағы санитарлық талаптардың сақталуы бақылауда екені айтылды.

Leave a Reply