Skip to content

Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-сінде «Қазақ поэзиясының алыбы, ұлы…

Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-сінде «Қазақ поэзиясының алыбы, ұлы ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл (1846–1945)» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең мағлұмат беру, оның қазақ әдебиетіндегі орнын таныту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Құндылық: Жасампаздық және жауапкершілік. Апта дәйек сөзі: Бірлік пен жасампаздық – ел бастауы.
Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмір жолымен танысып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жамбылдың айтыс өнеріндегі шеберлігі, ел бірлігі мен отансүйгіштік тақырыбындағы жырлары туралы мәліметтер айтылды. Сонымен қатар оқушылар ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін талдап, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Сынып сағаты оқушылардың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталды.

Leave a Reply