📌2026 жылғы 20 ақпан күні М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Кәмелетке толмағандар жасаған құқықбұзушылық үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру» тақырыбында мектепаралық дебат ұйымдастырылды. Пікірсайысқа Ақжігіт жаопы білім беретін мектебі мен М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысып, өзара ой жарыстырды.
🎯Дебаттың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін айқындау және қоғамдағы жауапкершілік мәселесін талқылау болды.
📍Пікірсайыс барысында Ақжігіт мектебінің командасы ата-аналардың жауапкершілігін күшейту – жасөспірімдер қылмысының алдын алудың тиімді жолы екенін дәлелдеуге тырысты. Олар отбасы тәрбиесінің маңыздылығын, ата-ананың бақылауы мен қолдауы баланың мінез-құлқына тікелей әсер ететінін атап өтті.
📍Ал М. Бегенов мектебінің командасы мәселені біржақты қарастыруға болмайтынын айтып, бала тәрбиесінде мектеп, қоғам және ортаның да ықпалы зор екенін алға тартты. Олар құқықбұзушылықтың алдын алу кешенді түрде жүзеге асуы қажет екенін дәлелдермен жеткізді.
📍Дебат барысында қатысушылар өз ойларын нақты дәлелдермен, мысалдармен қорғап, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. Қазылар алқасы тарапынан қатысушылардың сөйлеу мәдениеті, дәлелдерінің нақтылығы және қарсы тарапқа сауатты жауап беруі бағаланды.
📍Іс-шара қорытындысында белсенділік танытқан командалар марапатталып, пікірсайыс жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.
#дебатклубы
