Skip to content

📢Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай, мектебімізде…

📢Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай, мектебімізде айтулы іс-шара ұйымдастырылды. Жастардың бойында отансүйгіштік сезімді ұялату және әскери-патриоттық тәрбиені жандандыру мақсатында 8-10 сынып қыздары арасында «Мерген ару – 2026» сайысы болып өтті.
🎯Аталған додаға мектебіміздің ең мерген әрі жинақы оқушы қыздары қатысып, өздерінің ептіліктері мен дайындықтарын көрсетті. Сайыс барысында қатысушылар келесі кезеңдер бойынша сынға түсті:
🎯Пневматикалық мылтықтан нысана көздеу;
🎯АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтау;
🎯Әскери нормативтерді орындау.
🎖 Ұйымдастырушы
Шараның жоғары деңгейде өтуіне Алғашқы әскери және технологиялық дайындық (АӘжТД) пәнінің мұғалімі М. Андамасов тікелей жетекшілік етті. Мұғалімнің айтуынша, мұндай жарыстар қыздардың тек физикалық дайындығын емес, сонымен қатар қиын сәтте шешім қабылдау қабілетін де шыңдайды.
Сайыс қорытындысы бойынша оқ бойы озық шыққан жеңімпаздар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл шара оқушыларға Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін ұлықтауға және бейбітшіліктің қадірін түсінуге үлкен сезім сыйлады.
Ұрпақтар ұмытпайтын ерлік мәңгі жасайды!
#Ауғанстан #37жыл #МергенАру2026 #ПатриоттықТәрбие #АӘжТД #МектепТынысы

Leave a Reply