13 ақпан күні мектебімізде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі Бейнеу АПБ ККб ЮПТ КТіЖ УПИ полиция аға лейтенанты С. Тайтуровтың қатысуымен оқушылар арасында сталкинг, буллинг, кибербуллинг және өзге де зорлық-зомбылық түрлерінің алдын алу тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.
📎Кездесу барысында инспектор оқушыларға құқық бұзушылықтардың түрлері, олардың құқықтық салдары және жауапкершілік мәселелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
📎Инспектор әлеуметтік желілер арқылы жасалатын кибербуллинг жағдайларының жиілеп отырғанын айтып, мұндай фактілер орын алған жағдайда мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау керектігін ескертті.
📎Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тарапынан кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да ақпарат берілді.
📍Кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйрету және қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру.
📍Осындай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.






