⚡️11 ақпан күні «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» республикалық акциясы аясында «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де мектеп оқушыларына, мұғалімдерге және мектеп қызметкерлеріне арналған өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу шарасы өткізілді.
🧨Мақсаты: білім алушылар мен қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, эвакуациялау тәртібін пысықтау және қауіпсіздік мәдениетін арттыру.
🧨Жаттығу барысында дабыл белгісі беріліп, мектеп ғимаратынан эвакуациялау жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушылар мен қызметкерлер бекітілген жоспарға сәйкес қауіпсіз аймаққа шығарылды. Сонымен қатар өрт кезінде сақталатын негізгі ережелер, алғашқы әрекеттер және қауіпсіздік талаптары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🧨Шара барысында қатысушылардың тәртіп сақтауы мен ұйымшылдығы жоғары деңгейде болды. Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.
#төтеншежағдайлар
